Жақында бір үлкен ағам маған былай деді: — Неге үйленбей жүрсің? Жасың біразға келді ғой... — Аға, бірінші жағдайымды жасап алайын, сосын жақсы үй салайын, керемет көлік мінейін. Сосын өзім де үйленемін, - деп сенімді жауап бердім. Ал ол былай жауап қатты: — Ақымақ! Қазір үйленгенің дұрыс. Себебі, қазір сенің қолыңда өз мүлігің жоқ. Үйленіп ал, қалғанын сүйіктіңмен бірге жасауға болады ғой. Дәл осы жағдайда үйленсең, ол сенің байлығыңа емес, өзіңе ғашық екенін біліп, сенімді жүресің. Ал егер жағдайыңды түзеп үйленетін болсаң, мынаны есте сақта: сенің үйің, ақшаң, көлігің, байлығың бар кезде саған кім тұрмысқа шықпайды? Ол уақытта кез-келген қыз саған тұрмысқа шыққысы келеді. Еш ойланбай құшағыңа жата кететіндері де табылады. Ал сол байлықтан түк қалмайтын болса, ол да сенен алыстайтын болады. Өз ақшаңды махаббатқа айырбастауға болмайды. Уақыт өте келе қартайғанда, сұлулықтан түк қалмайды! Ал ақша — қолдың кірі. Бірде — бар, бірде — жоқ! Ал махаббат ешқашан сенен кетпейді! Осыдан соң терең ойға баттым.

Теги других блогов: продвижение SEO Google